Қазақстандық файтер WEF чемпиондық белбеуін жеңіп алды

552

0

Қазақстандық файтер Самир Ахмедов (2-1) WEF 105 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

22 жастағы спортшы Қырғызстандағы турнирде жергілікті файтер Салмоор Эргашалиевпен (4-4) жұдырықтасты. Жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте Самир Ахмедов қарсыласын жеңіп, WEF чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Айта кетейік, Самир Ахмедов соңғы жекпе-жегін OCTAGON 18 турнирінде өткізіп, отандасы Сайрап Наргиловты техникалық нокаутпен жеңді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<