Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?

582

0

Шілде айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Биыл астана күні сейсенбіге түсетіндіктен, жұмыс күнін 5 шілдеден 3 шілдеге ауыстыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет қаулысына сәйкес, аптасына бес күн жұмыс істейтіндердің демалыс күндері 4, 5 және 6 шілдеге келеді. Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтін тұрғындар 4 және 6 шілдеде демалады.

Күнтізбе бойынша Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 20 шілдеге тұспа-тұс келеді. Бұл күн де демалыс ретінде есептеледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<