«ҚазАвтоЖол» қазақстандықтарға ескерту жасады

557

0

«ҚазАвтоЖол» ауа райының қолайсыздығына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«4-8 ақпан аралығында ауа райының қолайсыз жағдайларына, атап өткенде, қалың қар, бұрқасын, қар аралас жаңбыр мен көк тайғақтың болжануына байланысты және төтенше жағдайдың алдын-алу мақсатында алыс сапарға шығудан бас тартуға кеңес береміз. Жолға шыққан жағдайда, қауіпсіз маршрутты таңдау, жол ережелерін сақтау, қауіпсіз ара қашықтық пен жылдамдықты ұстану қажеттілігі туралы ескертеміз», – делінген хабарламада.Кез-келген күрделі жағдайда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 1403 нөміріндегі байланыс орталығына немесе 102, 112 нөміріндегі төтенше қызметке хабарласуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<