ҚАЖ қызметкерлеріне азаматтар өтінішін қабылдау бойынша оқу өтті

485

0

Мемлекет басшысының және Президент Әкімшілігінің тапсырмасын орындау шеңберінде «Өтініш» және «Нәтиже» жобаларын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қойылған міндеттерді іске асыру бағытында 25 наурызда Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының HR және СМЖ дамыту басқармасының Бас HR менеджері Мейірбек  Пірімжанов және HR менеджер Майра Бихожаева «ZOOM»бағдарламасы арқылы оқу өткізді.

Оқыту мақсаты –  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы  іске асыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, олармен жұмыс істеу бойынша ақпараттық ортасын қалыптастыру.

Оқыту сабағына ҚАЖ департаментінің қызмет салалары, ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелері, «Еңбек- Қызылорда» РМК филиалының және қалалық пробация қызметі мен аудандық пробация қызметінің жауапты қызметкерлері қатысты.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<