Қазнетті тәнті еткен ақтаулық қыз «Жыл меценаты» атанды

1051

0

Қазнет пайдаланушыларын қайырымдылығымен тәнті еткен ақтаулық Сабина Кеңесбаеваға «Қызық Live» жобасының «Жыл меценаты» аталымы бұйырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда 3-сынып оқитын Сабина Кеңесбаеваға 500 мың теңге сыйақы берілді. Одан миллиардер болғанда не істейтіні сұралды. Сабина үйсіз адамдарға баспана алып беретінін айтты.

Еске салайық, ақтаулық Сабина Кеңесбаева қалтасындағы ақшасын көшеде қайыр сұрап тұрған кісіге беріп, қазақстандықтарды тәнті етті. Бұл сәтті сол кезде көрген азамат камераға түсіріп, видеоны әлеуметтік желіге жүктеген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<