Қоғамдық көліктерде кондуктор жүрмейді

571

0

Фото: ашық дереккөз

2023 жылғы наурыздан бастап Шымкенттегі автобустарда кондукторсыз жүйе енгізіледі. Қала тұрғындары жол ақысын валидаторлар, SMS және QR-код арқылы төлей алады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қолма-қол ақшамен төлеген кезде жүргізушіден чек талап етіңіз және оны сапар аяқталғанға дейін сақтаңыз. Көлік картасымен, SMS немесе QR-код арқылы төлесеңіз, жол ақысы – 70 теңге, ал қолма-қол – 100 теңге».

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 622-бабының 2-тармағына бойынша қоғамдық көлікте жол ақысын төлемегендерге екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал автобустарда үнемі рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<