Қол астындағыларды үйін салуға жұмсаған ҚТЖ қызметкері жұмысынан қуылды

152

0

Қол астындағы теміржолшыларды өз үйін салуға жұмсаған ҚТЖ қызметкері жұмысынан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚТЖ»ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желіде карантин кезінде өзінің қызметтік өкілетін асыра пайдаланған Жаңаарқа дистанциясының байланыс және сигналдау басшысы Нұрхан Көбдіков туралы видео таралған.

Ол қызметкерлерін өз үйінің құрылыс жұмыстарына жұмсаған. «Қызметкердің бұл әрекеті «ҚТЖ»ҰК» АҚ корпоратив құндылықтарына, іскерлік этика кодексіне және басқа да ішкі нормативтік құжаттарға қайшы.

Сондықтан 2020 жылғы 7 тамызда Нұрхан Көбдіковпен еңбек шартын бұздық», делінген хабарламада. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы Жаңаарқа байланыс және қашықтан сигналдау басшысының әрекеті орынсыз екенін айтып, айыптап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз