«Құмжиектіктердің» қайырымдылығы

229

0

Қайырымдылық жасау – дархан пейілді қазақтың қанына сіңген дағды. Мұндай ізгі амалдар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Кешегі коронавирус кеселінің өршіп тұрған кезінде елдің елдігі, ердің ерлігі, бардың жомарттығы сарапқа салынғанын несін жасырамыз?! Жалпақ жұрттың тағдыры сынаққа түскен ауыр сәтте ел азаматтары бас бұғып қалмады.

Жомарт жүректі жандар ауыл арасында да аз емес. Өздерінің сауапты істе­рімен  атын шығаруды емес, тарыққан жандарға мүм­кін­дігінше, қол­дау жасауды көз­деген азамат­тардың жана­шыр­лығы кеудеңе қуаныш ұялатады.

Қазалыда қыстың қыты­мыр аязы күшіне мініп тұр. Осындай сәтте үйдің жылуы басты мәселе екені хақ.  Ал үйді жылытатын отын мен  көмірдің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Мұны ескерген «Құмжиек» ауылының бір топ азаматтары бірлесіп, Жанқожа батыр, Ақтан батыр, Ғани Мұратбаев ауылы мен Әйтеке би кен­тіндегі кейбір жекелеген тұрғындарға көмір түсіріп берді. Мұндай жана­шырлыққа Нұр­жаубай Құда­баев ағамыз бен Еңсеп­баева Манат  ризашылық танытып, лебізін білдірді.

Осындай ізгі істің басы-қасында жүрген Мұратбек Әлиев, Серік Еркебаев, Сәбит Ықыласовтың есімдерін атап өтсек, жарасар. 

Жұмабек Табынбаев,

«Сыр бойы»

Қазалы ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз