Құрметпен шығарып салды

689

0

Сырдария ауданы әкімінің міндетін атқарушы Берік Сәрменбаев аудан әкімі қызметін атқарып келген Мұрат Ергешбаевты “Amanat” партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайлануымен құттықтап, Сырдария ауданының «Құрмет грамотасын» табыстады.

Мұрат Нәлхожаұлы – 2021 жылдан бастап осы кезге дейін Сырдария ауданы әкімі қызметінде абыройлы еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беріп, облыста алдыңға қатардан көруіне үлес қосты. Аудан 2022 жылдың қорытындысымен ауылшаруашылық саласында “Үздік аудан” атанды.

2023 жылы Мемлекет басшысының қолдауымен “Жайлы мектеп” жобасы аясында Тереңөзек кентінде 300 орындық мектептің және Қалжан ахун ауылын газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары басталады. Сонымен қатар, аудан бойынша 40 жобаға бюджеттен қаржы бөлініп, аудан бойынша 20 көше жөнделіп, 4 ауыл толықтай электрмен жабдықталады.

Аудан жұртшылығы нәтижелі жұмыстарды іскерлік ісімен көрсете білген Мұрат Нәлхожаұлына Мәжілістегі мінберінде облысымыздың өзекті мәселелерін көтере отырып, шешімін табуға үлес қосуына сенім білдіріп, сәттілік тілеп, батасын берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<