Құрылысшылар қайырымдылық жасады

411

0

Жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде атап өтілетін мереке қарсаңында аудан құрылысшылары тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмекжасады. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара білген құрыш қолды құрылысшылар тұрмысы төмен 30 отбасына азық-түлік алып берді.

Ауданда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «РЗА» АҚ, «Сыр Маржаны», «Жылу ХХІ», «ҚазалыЖолшы», «НамысҚұрылыс», «ҚазалыСтройСервис», «Казқұрылыс», «Орион LTD», «Болашақ», «СарымҚұрылыс», «Энергомера», «Мұнайқұрылыс», «Нұрас и К», «Қазалытұлпары», «Строймодуль Астана», «N Строй Сервис», «Мансури», «Сапақ», «Нұрсәуле құрылыс», «Аңсат Құрылыс», «Данияр 97» серіктестіктері, Қазалы темір бетон зауыты және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі игілікті іске ұйытқы болып, елдің алғысын алды.

Ауданның құрылысшылары сала ардагерлеріне де құрмет көрсетуді естен шығарған жоқ. Құрылысшылар қауымы сала ардагерлерінің үйіне барып аудан әкімі М.Ергешбаевтың құттықтауын табыстап, сый сияпаттарын көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<