Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау Қазақстанға жер аударылған этнос өкілдерін де қамтиды –Көшербаев

4034

0

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Өз сөзінде Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев елдегі қуғын-сүргін құрбандарын тлық ақтау шаралары Қазақстан халқы Ассамблеясын айналып өтпейтінін атады.

«Тақырыптық жоспарлар мен әдіснама аясында арнайы екі кіші комиссия, 11 жұмыс тобы, 17 аймақтық комиссия құрылы, жұмыс істеп жатыр. Бүгінде республика шеңберіндегі архивтерде зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Шетелдік әріптестерімізбен де бірлескен жұмыстар басталды. Бұл жұмыстарға этномәдени бірлестіктердің өкілдері белсенді қатысуда. Өйткені қуғын-сүргін құрбандарын ақтау кезінде қазақ халқының жүздеген мың азаматтары мен ардақтыларының адал аты ғана ақталып қоймайды. Сонымен қатар, Қазақстанда жер аударылған 62 этнос өкілдеріне қатысты да тарихи әділеттілік орнайды», – деді Мемлекеттік хатшы.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<