Қырғызстан мен Тәжікстан делегациялары шекара туралы хаттамаға қол қойды

445

0

Бәткен облысында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының үкіметтік делегацияларының кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz  24.kg сайтына сілтеме жасап

Қырғыз Республикасының делегациясын Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев, тәжік тарапын ТР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов басқарды.

«Кездесу барысында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы ахуалды шешуге бағытталған іс-шаралар туралы пікір алмасу болды. Қырғызстан мен Тәжікстан делегацияларының басшылары қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу қажеті туралы өзара толық түсіністік білдірді»,  делінген хабарламада.

Екі тарап мемлекеттік шекараның қалған учаскелерінде қырғыз-тәжік шекарасының жобалық сызығының сипатын күшейту туралы келісімге келгені атап өтілді.

Үкіметтік делегациялар отырысының қорытындысы бойынша бірлескен хаттамаға қол қойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<