Қырғызстанда 10 қаңтар күні Президент сайлауы өтеді

634

0

Қырғызстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді. Мұндай шешім Орталық сайлау комиссиясында қабылданды. Бұл туралы «Кабар» агенттігіне ОСК төрағасының орынбасары Әбдіжапар Бекматов мәлім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова мәлім еткендей, президенттің отставкасынан кейін елде мерзімінен бұрын сайлау үш ай ішінде өтуі тиіс. Қырғызстан заңына сәйкес, егер Парламент президенттің өкілеттігі тоқталығаннан кейін бір апта ішінде кезектен тыс президенттік сайлауды белгілейтін болса, онда келесі күні сайлау ресми тағайындалған болып есептеледі.

Осыған орай, сайлауды 2021 жылдың 10 қаңтарында өткізу ұсынылды. «ОСК мүшелері ұсынысты қолдады», – деді Бекматов.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<