Қаулы қалай өзгерді?

907

0

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 2-тармақшасына сәйкес Қызылорда облысы халқы арасында COVID-19  коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13 сәуір 2021 жылғы «Қызылорда облысы бойынша шектеу, оның ішінде карантиндік шаралары туралы» №8 Қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

1) 1 тармақ келесі редакциядағы 52) –тармақшасымен толықтырылсын:

«52) ойын-сауық парктері, ашық ауадағы аттракциондардың жұмысы, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы  №67 қаулысының 45-қосымшасымен бекітілген Алгоритмді (27.02.2021ж. №9 Қаулымен енігізілген өзгерістермен) және күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен.».

2. Барлық деңгейдегі  әкімдіктерге, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «КТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы филиалының «ГП Қызылордалық бөлімшесіне», құқық қорғау мен арнайы органдарға:

1) осы Қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезінде «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге (субъектілерге) шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету;

2) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді (субъектілерді) мониторингпен қамтамасыз ету;

3) шектеу, оның ішінде карантин шаралары кезінде шектеу шараларын немесе басқа да талаптарды орындамау, бұзушылықтар анықталған кезде  тиісті әкімшілік шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес объектінің қызметін тоқтата тұру жөніндегі шараларды қолдануды;

4) қызметті Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген Алгоритмдеріне сәйкес жүзеге асыру;

3. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін:

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

– қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен (маскалармен, қолғаптармен) қамтамасыз ету;

– үй-жайларға, ғимараттарға кіре берісте және одан шыға берісте санитайзерлер орнатуды;

– келушілерге, клиенттерге үй-жайларға бетпердесіз кіруге жол бермеу;

– үй-жайлардың ішінде және сыртында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;

– үнемі үй-жайларда ылғалды жинауды, дезинфекциялауды және желдетуді жүргізу;

– келушілердің жай-күйін тұрақты мониторингтеу үшін барлық объектілердің кіреберісінде қол тепловизорының көмегімен қашықтықтан байланыссыз термометрия жүргізу;

– жүргізілген/алынған қызметтер үшін  қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін (төлем карталары, телефондағы қосымша) барынша жағдай жасау.

4. Қызылорда облысының тұрғындары және қонақтарына келесі талаптарды сақтауды жалғастырсын:

– бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;

– қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), кинотеатрлар, кинорумдар, бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, балалар ойын орталықтары және ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда,  мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салу;

– «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет;

– қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

5. Осы Қаулыны меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

6. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

7. Осы Қаулы  қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қызылорда облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                    Д.Жаңабергенова

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<