Қызылорда қаласында «Аркан» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылған

969

0

Қызылорда қаласы орталығында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына жалпы саны 20 дана  «АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды.
         Оның 13 данасы толықтай іске қосылған, ал қалған 7 жылдамдық өлшегіш құрылғысы қосылу сатысында.

Аталған құрылғы екі бағыттағы (қарама-қарсы және ілеспе) жылдамдық асыру құқық бұзушылықтарын анықтайды.

         Сонымен қатар, құқық бұзушылықты 30 метр қашықтықтан және 71 км/сағ. жылдамдықтан бастап анықтайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттары ҚР СТ 1412-2017  жылғы  жол  қозғалысын  реттеудің  техникалық  құралдары нормативтік құжатының 5 ақпараттық сілтеме белгілеріне сәйкес, 5.42 «Фото-бейне тіркеу» белгісі стационарлық сертификатталған арнайы техникалық  құралы  немесе  аспап  бойынша  Жол  қозғалысы ережелерін бұзылуын тіркеу туралы жүргізушілерді ақпараттандыру үшін ескерту жол белгілері толығымен орнатылған.

«АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысына шет мемлекеттерден  яғни  Ресей  Федерациясы,  Армения,  Қырғызстан Республикасы  т.б. алып  келіп Қазақстан  Республикасының азаматтары басқарып  құқық  бұзушылық  жасаған  жағдайда, сақтандыру полюсы арқылы тіркелген азаматтардың толық ақпараты автоматты түрде анықталып, сол азаматтың атына құқық бұзушылық тіркеледі.

Автоматты  жүйеде  жұмыс  атқаратын  бейне  камераларымен құқық бұзушылық анықталған жағдайда, ҚРӘҚБтК-нің 822-1 бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес (Белгіленген үлгідегі түбіртегі бар, айыппұл  төлеу  қажеттігі  туралы  нұсқама  әкімшілік  құқық бұзушылық  тіркелген  күннен  бастап он  тәулік  ішінде көлік құралының меншік иесіне) ұйғарым шығарылып, электронды түрде ГЭП (Гибридттік электронды почта) қызметі арқылы автокөлік тіркелген иесінің мекен-жайына жіберіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<