Қызылордада балық аулауға шыққан адам суға батып кетті

552

0

Қызылорда облысында балық аулауға шыққан 40 жастағы азамат каналға суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Сырдария ауданы аумағында орналасқан Қараөзек каналында болды. Қызылорда қаласының тұрғыны сол жерге балық аулауға барған.

«Мәйітті іздестіру жұмысына жедел құтқару жасағының 5 маманы мен 1 техника тартылды. Көп ұзамай оның жансыз денесі жағаға шығарылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 25 адам суға батып кетті. Оның 9-ы бала. Қызылорда облысында шілде айында балық аулауға шыққан тағы бір тұрғын суға батып кеткен болатын.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<