Қызылордада жастар фестивалі өтті

780

0

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қала күні қарсаңында «Сыр үміті» жастар қауымдастығының ұйымдастыруымен «GOOD BYE SUMMER FEST» жастар фестивалі өтті.

Фестивальді өткізуге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы, «Кітап құрттары» клубы атсалысқан. Фестиваль аясында Қала күніне арналған көрме, «Кітап сыйла!» акциясы, «Dance Battle» би сайысы, қызықты «Stand Up» өткізілді.

Іс-шараға келген қонақтар алдымен көрмемен танысып, «Кітап сыйла!» акциясына қатысты. Мұнан соң «Dance Battle» заманауи би сайысы болды. Би сайысында жастар екі кезеңде сынға түсті. Алдымен жеке battle бойынша 22 жас, мұнан соң командалық battle бойынша 15 команда қатысты.

Сайысқа «PlusLimit» би студиясының жетекшісі Константин Ан, «Алтын алаң» би студиясының хореографы Дархан Маханов, «Qosyl dance» би студиясының жетекшісі Камила Гатаулина қазылық етті.

Нәтижесінде жеке сайыста 1-орынды Дастан Аманжол, 2-орынды Маржан Пірмағамбет, 3-орынды Меруерт Амангелді иеленді. Ал командалық battle бойынша 1-орынды «Troubles» би тобы, 2-орынды «Orda drive» би тобы, 3-орынды «Golden State» би тобы иеленді. Жалпы сайыс бойынша жүлде қоры – 100 000 теңге.

Жеңімпаздарды қаржылай сыйақымен облыстық мәслихат депутаты, «Сыр үміті» жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиев марапаттады.

Фестиваль қызықты «Stand Up» көңілді кешімен өз мәресіне жетті.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<