Қызылордада жыл басынан бері 2105 адам коронавирус жұқтырды

466

0


Қызылорда облысында жыл басынан бері 2105 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл өңірде 2105 адам коронавирус жұқтырды. Олардың 1240-і Қызылорда қаласында тұрса, аудандар бойынша Аралда – 75, Қазалыда -150, Қармақшыда – 94, Жалағашта – 78, Сырдарияда -154, Шиеліде – 133, Жаңақорғанда – 190 адам қатерлі індетке шалдықты.

Былтырдан бері Қызылорда облысында 5497 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 3308-і Қызылорда қаласының тұрғыны болса, қалғаны аудандар үлесіне тиеді. Өңірде өткен жылдан бері коронавирус инфекциясынан 16 адам көз жұмды. Олардың 9-ы облыс орталығында тұрған.

Сондай-ақ, Жалағашта – 2, Сырдарияда – 1, Шиеліде – 1, Жаңақорған – 3 адам қатерлі індет салдарынан өмірден өтті.

«Өткен тәулікте облыста коронавирус инфекциясымен 70 жағдай тіркелді. Науқастардың 33-і облыс орталығында тұрады. Ал Аралда – 1, Қазалыда – 4, Қармақшыда -10, Жалағашта – 2, Сырдарияда – 5, Шиеліде – 7, Жаңақорғанда – 8 адам қатерлі індет құрсауына түсті. Науқастар облыстық жұқпалы аурулар, көпбейінді облыстық, көпбейінді қалалық және аудандық ауруханаларда ем қабылдауда. Ал, 46-сы үй жағдайында бақылауға алынған», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетелік, Қызылорда облысында вакцинация пунктері аптасына 7 күн жұмыс істейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<