Қызылордадағы кафеден өрт шықты

534

0

Бүгін, 19 шілде күні таңғы сағат 7.20-да Қызылорда қаласындағы балаларға арналған «Пумба» ойын-сауық орталығында газ бен ауа қоспасының жарылысы болды. Бұл туралы облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тілсіз жау ғимараттың бірінші қабатын түгел шарпыған. Өрт сағат 7-ден 44 минут өткенде оқшауланып, 8.15-те ауыздықталды. Жарылыс нәтижесінде ағаш ағаш сарай мен шатыры құлады. Сондай-ақ Жеңіс көшесі, 20-үйдің терезелеріне зақым келді. Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар жоқ», – делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі табиғи газдың кемуінен делініп отыр.

«СБ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз