Қызылордалық әскерилер қала тазалығына үлес қосты

378

2

Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімінің жеке құрамы қаланың сәні мен тазалығына өз үлестерін қосып жүрген тазалық саласының жұмысшаларына қайырымдылық істерін көрсетті.

Әскери қызметшілер таң атысымен қаладағы тазалыққа жауапты қызметшілердің еңбегін бағалап, қолдарынан келгенше көмектерін аямай және басқа тұрғындарға үлгі болатындай игі іс көрсетті. Дайындап келген тәттілері мен ыстық шайларын ұсынып, бірлесіп жұмыс жасауға атсалысты.

«Осындай қарапайым іс жасап, бір бірімізге көмек көрсетіп, ықыласқа бөленгенге не жетсін… Қайырымды іс жасап, көпшіліктің ризашылығы мен батасын алуға әрбір Қазақ халқының тұрғындарының күші жетеді деген ойдамын», – дейді әскери бөлімнің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастырушысы, азаматтық персонал Алтын Ізмағамбетова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<