Қызылордалық полицейлер қайтыс болған әріптесінің отбасына барды

291

0

       Қазақстaнда жыл сaйын 23 маусым күні кәсiби мереке – Қазақстан полициясы күні аталып өтiледі.  Бұл күн 2007 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш прeзиденті Нұрсұлтан Нaзарбаевтың Жарлығымен  23 маусым Полиция күнi бoлып ресми түрде бекітілген.     

 Осы орайда, мереке қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре бастаған қызметкерлер тобы  қызмет бабында қайтыс болған полиция лейтенанты Қозыбаев Талғат Есентайұлының ата-анасын  арнайылап құттықтау үшін Сырдария ауданына жол тартты.

Сын сағатта ерлік көрсетіп, өмірін қиып, ел азаматын қорғап қалған, елінің каhарманы, II дәрежелі «Айбын» орденінің иегері полиция лейтенанты Қозыбаев Талғаттың шаңырағына ат басын тіреді. Сақшылар Талғатты тәрбиелеген Есентай аға мен Шынар апа, ұлы Алматқа жылы лебіздерін, шексіз алғыстарын білдіріп, сыйлықтарын ұсынды. Бүгінгі таңда Алмат Сырдария аудандық полиция бөлімінде анықтаушы болып қызмет етіп жүр.


Айта кетерлік жайт, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Талғат Қозыбаевтың есімі Сырдария ауданының Мәлібаев ауылындағы көшелердің біріне берілді. Сондай-ақ, оның оқыған № 131 орта мектебінің ауласында ескерткіш орнатылып, мектеп сыныптарының біріне аты берілді.
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына ерекше көңіл бөледі.


Қазақстан полициясы күні біз әріптесіміз Талғат Қозыбаевтың шаңырағына арнайы ат басын бұрып келіп отырмыз. Учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант Талғат Есентайұлы қайтыс болғаннан кейін екінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Қызылорда облысында қызметтік борышын өтеу кезінде 5 полиция қызметкері қаза тапты.


Адамзаттың өмірін аман сақтаймын деп, антына берік, еліне адал қызмет үстінде адам өмірі үшін жанын қиған әріптестеріміздің ерлігі мен батырлығы біздің есімізде мәңгі сақталады. Ерлігі ешқашан ұмытылмайтын ерлерді ұлықтау біздің азаматтық парызымыз» дейді департамент бастығы Бектөре Жеңісбайұлы.


Бұл күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Жеңісбайұлы Отан алдындағы борышы мен қызметтік парызын мінсіз атқарған тәртіп сақшыларын марапаттады.


Салтанатты шара Қазақстан Республикасы Әнұраны ырғағымен ашылып, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбавтың құттықтауы оқылды. Департамент бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан ішкі істер органдары ардагерлерін, қызметкерлерді мерекемен құттықтады.


Айтулы күнімен ішкі істер органы ардагерлерінің атынан Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Тұңғышбай да құттықтап, жеке құрамға азаматтық, қызметтік борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді.
Ішкі істер министрінің құзырымен департаменттің 28 қызметкері марапатталса, Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлының бұйрығымен 172 қызметкер және ішкі істер органдарының 16 ардагері марапатталды.

Олардың ішінде Назарова Гюзель, Асанов Жұбаныш, Тобжан Алмас, Пак Леонид, Серік Тұңғышбай.


Штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтан бір саты жоғары полиция подполковнигі арнаулы атағы Қазалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Бердібай Ұлықбекке және Шиелі аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімі бастығы Абсаттаров Бақытжанға берілді.


Іс-шара барысында мемориалдық стелаға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Барлық қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, содан кейін құрметті қарауыл үш рет бос патрондармен дүр сілкіндірді.


Шара соңында келген қонақтар естелік суретке түсті.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз