Ташкентте гір спортынан өткен Азия чемпионатында Қызылорда облысының спортшылары 15 медаль жеңіп алды. Оның 12-сі алтын, 1-уі күміс, 2-уі қола медаль.
Атап айтсақ, жастар арасында Ерасыл Аубакир мен ересектер арасында Абдулхасан Сейтенов жеңіс тұғырына көтерілді.Әйелдер арасында Қарлығаш Жұмағұлова, ардагерлер арасында Рауа Әбдиева (40-44 жас), Тлеуімбет Айтбаев (45-49 жас), Қали Рүстемов (55-59 жас) және Серік Ибрагимовтер (60-64 жас) қос-қостан 10 алтын медальға қол жеткізді.
Сондай-ақ, 50-54 жас аралығында ардагерлер арасында Оразбек Медетбаев күміс, 40-44 жас аралығында Айтмағанбет Асанбеков қос қола жүлделерді еншіледі.
Облыс құрамасы Венгрияның Будапешт қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысу үшін 1-8 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындықты бастап кетті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<