ӨР МІНЕЗДІ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР

298

0

Әйтеке би кентіндегі өрт сөндіру бөлімі мен Қазалы қаласындағы өрт сөндіру бекетінде тәулігіне төрт ауысыммен жұмыс жасайтын жалпы саны 49 қызметкер бар. Кәсіби құрал-саймандармен жабдықталған бес техникамен қамтылған.
Дабыл түскен жағдайда апатты нысанға жақын орналасқан бөлімшенің оғландары дереу жолға шығады. Тек қала ішіндегі нысандарға ғана емес, жақын маңдағы тас жол бойындағы барлық төтенше жағдайларға білек сыбана дайын отырады.
«Әрбір минуттың бағасы қымбаттап тұрған осындай сәтте көшедегі қарапайым көліктер жол бермей біраз кедергі келтіреді», – дейді өрт сөндірушілер.
Алайда көпшілігі жұмыстың қаншалықты маңызды екендігін түсініп, жолды босатып береді екен. Дабыл түскен сәтте бір минуттан кешікпей қызметтік көліктен табылатын олар оқиға орнына километраж бойынша мүмкіндігінше тезірек жетуге тырысады.
Өрт сөндіру бөлімінде өткен жылы 72 рет дабыл қағылған. Оның 29-ына өрт сөндіру бойынша шығыс жасалған. Ал биыл 50 дабылды қоңырау шалынған. Оның ішінде 14 өрт, 1 авариялық құтқару жұмысы және 35 өртке жатпайтын жану оқиғалары тіркелген. Өткен жылға қарағанда төтенше жағдайлар саны биыл әлдеқайда төмендеген. Бұл жағдайды өрт сөндіру қызметкерлері халыққа үгіт-насихаттың жоғары деңгейде жүргізгендігімен байланыстырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<