Республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталып, білім сынағынан Сыр елінің 26 оқушысы жеңімпаз атанды.
Олимпиадаға жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 13 пән бойынша қатысқан 56 оқушының ішінен 26-сы топ жарып, 1 бала – алтын, 12 бала – күміс, 14 бала – қоламен марапатталды.
«Бір қатысушы-бір компьютер-бір камера» форматы бойынша «USTUDY» тестілеу орталығы өткен білім сынағында Қызылорда өңірі облыстар бойынша 7 орынға шықты.Олимпиадада облыстан 10 оқушы жеке логин паролі арқылы апелляцияға өтініш беріп, нәтижесінде 5 балаға қосымша балл қосылды.
Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік 100 мектеп» анықталды. Үздіктер қатарында облыстан 3 білім ордасы енгізілді. Олар – №9 Білім инновация лицейі, №10 Білім инновация лицейі, Қазалы ауданынан №249 мектебі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<