Құрылыс нысандарын аралады

281

0

Арал ауданының әкімі М.Оразбаев құрылыс нысандарын аралады. Алдымен М.Сәдібеков көшесіндегі 300 орындық №14 мектеп құрылысы нысанында болды. Қазіргі таңда ғимараттың қабырғасын қалау жұмыстары аяқталып, шатырын жабу және ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру жұмыстары қолға алынуда.

Апатты жағдайда деп танылған екіқабатты тұрғын үйдің тұрғындарына салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы да қарқынды жүруде. Аудан басшысы үйлердің су, жарық және газбен толық қаматамасыз етілуін қадағалауды тиісті сала басшыларына ескертті. Бүгінде ауданда 27 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<