Сала басшысының сабағы

946

0

Облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова С.Лапин атындағы №261 орта мектебінің 10 «А» сыныбына физика пәнінен сабақ берді.

Сабақ «Изопроцестер. Изопроцестердің графиктері. Дальтон заңы» тақырыбында өтті. Оқушылар топтық, жұптық, жеке болып бөлініп жұмыс істеді. Басқарма басшысы мемлекеттік қызметте жүрсе де, оқушылармен кездесуге тыңғылықты дайындалған. Есеп шығарып, теңеулерді бірге талдады. Балалар сабаққа белсенді қатысып, зеректігін байқатты.

Мұнан соң оқушылар гидропоника әдісімен өсірген өсімдіктерін, кәсіпкерлік мектебінің жұмыстарымен таныстырды. Акт залында бітіруші түлектермен кездесіп, мектеп Президенті Бақтыгүл Шаймұратпен сұхбаттасты. Ақзира Бақтыбайқызы оқушыларға алдағы тестілеуден жақсы нәтиже көрсетуге тілектестік білдірді.

Айта кету керек, аталған білім ошағында 2300 оқушы білім алуда. Биыл 11 сыныпты 41 оқушы бітірмек. 12 оқушы физика пәнін таңдаған. Сала басшысы физикадан озат оқушылардың бірі Құралай Есеннің сабақ өту туралы айтқан  ұсынысын қабылдаған болатын.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<