Сапа құрылыстың барлық кезеңінде талап етіледі

4

0

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыс сапасына қатысты мәселелер талқыланған кеңес өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Мемлекет басшысының құрылыс сапасын арттыру, нысандардың қа­уіпсіздігін қамтамасыз ету және бюджет қаражатын тиімді пайдалану тапсырмасы бар.

Жиында құрылысқа бақы­лауды кү­шейту, техникалық және авторлық қа­да­ғалау инс­ти­тут­тарының жауап­кер­шілігін арт­тыру, анықталған кем­­­ші­лік­терді уа­қы­тылы жою мәсе­лелері қа­ралды.

Премьер-министрдің бірінші орын­басары ақауларды жою бары­сын­да көзбояушылыққа жол беріл­мейтінін атап өтті.

Құрылыс сапасы жобалау ке­зеңінен бастап құрылыс-мон­таждау, пайдалануға қабылдау, техникалық және авторлық қа­дағалау, кепілдік міндет­теме­лер­дің толық орын­да­луына дейінгі барлық кезеңде қамта­масыз етілуі тиіс.

Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысан­дар, инженерлік-ком­мунал­дық инфра­­құрылым, автомобиль жол­дары, абаттандыру объек­тілері, аула ау­мақтары, сыртқы жарықтандыру жүйелері, темір­жол вокзалдары мен автовокзалдар құрылысына бақы­лауды күшейту қажет.

Кемшіліктер мердігер ұйым­дар қаражаты есебінен, кепілдік міндет­темелер шеңберінде, бюд­жет қара­жатын жұмсамай жойылуы керек.

Мәжілісте бақылауды кү­шейту және тапсырыс беру­шілердің, мер­дігер ұйымдардың, техникалық және авторлық қадағалаудың жауап­кер­шілігін арттыру шаралары тал­қыланды.

Кейінгі үш жылда аймақта құ­рылыс саласына бөлінген қар­жы тұ­рақты өсіп, 2023-2025 жылдар ара­лығында 349,9 млрд теңгеге жетті.

Құрылысы жүріп жатқан ны­сан­дардың сәулеттік келбеті мен ішкі дизайны алдын ала келісіліп, сырт­қы және ішкі әрлеу жұ­мыс­тарының үйлесімділігі қамта­масыз етілуде.

Жұмыстың сапалы әрі бел­гіленген мерзімде орындалуы үшін барлық нысан тұрақты ба­қы­лауға алынған.