Сақтық шаралары бақылауда

708

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары талқыланды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық жұмылдыру да­йындығы басқармасының бас­шысы Медет Усаиннің айтуын­ша, сең қозғалысы «Қызыл­орда» торабынан 178 шақы­рым жо­ғары Шиелі ауданы ау­ма­ғын­дағы «Көлекбаз» учаскесі тұсында.

– Бүгінгі күнге «Шардара» су қоймасы арқылы өзеннің төменгі ағысына секундына 200 текше метр су жіберілсе, оның 100 текше метрін «Көксарай» су реттегіші алып отыр. Төменгі ағысқа 100 текше метр су босатылуда. Осы қыста өзен арнасында мұз Арал ауданынан бастап, Жаңақорған ауданы аумағына дейін толықтай ұс­тасқан болатын. Жылы ауа райының қалыптасуына байла­нысты 7 ақпаннан бастап дария бетіндегі сең сөгіле бастады, – деді облыстық басқарма басшысы.

Су тасқынының алдын алу мақсатында облыс бойынша су басу аймақтары анықталып, оған 402 бірлік арнайы тех­никасы бар 1 178 адам (130 ұйым) бекітілген. Оған қоса, 68,6 тонна жанар-жағармай, 154 590 дана қап және басқа да материалдар қоры жасақталған. Мұз жару жұмыстарына ма­ман­­­­дандырылған  «Kaz­Dril­ling­­­­Com­pany» ЖШС-мен ке­­лі­сім-шарт жасалып, «Қаз­авиа­­құтқару» АҚ-ның 1 тік­ұшағы, халықты көшіруге 84 жи­­­нақтау және 103 қабылдау эвакуациялық пункттері дайын­дыққа келтірілген. Облыс аума­ғындағы азамат­тық қор­­ғаудың барлық қызмет­тері күшейтілген жұмыс ре­жи­міне көшіріліп, бұл жұ­мыстар су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін жалғаспақ. Ал, қазіргі таңда облыстың су шаруашылығы жағдайы қа­лыпты, бақылауға алынған.

Жиында аймақ басшысы бақылауды босаңсытпауға тап­сырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<