САРАТС-2 жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталды

296

0

Ағымдағы жылдың наурыз айында  Арал қаласында  ҚР Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың  төрағалығымен өткізілген мәжілісте қабылданған шешімдері бойынша облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов САРАТС-2 жобасының Қазақстан Республикасының бюджеті есебінен іске асырылатындығын мәлімдеді.

Соның ішінде,  Қызылорда су торабын кешенді жөндеу «Қазсушар» РМК-ның меншік иесімен атқарылуда. Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазсушар» РМК-ның су торабын жөндеудің ЖСҚ әзірлеуге жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында қаржылық-экономикалық негіздемесін (ҚЭН) дайындап жатыр. Сондай-ақ, ҚЭН Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық сараптамасынан өтуде.

Экономикалық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін ЖСҚ әзірлеуге республикалық бюджеттен қаржы қарастырылатын болады.

Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту және Жалағаш ауданындағы Тұрымбет және Қорғанша учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзету компоненттері бойынша облыстық бюджет есебінен ЖСҚ әзірленді.

Бұл компоненттер Үкіметпен мақұлданған «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» Жол картасына енгізілген.

Қазалы ауданының Бірлік ауылы маңында көпір салу компоненті бойынша ағымдағы жылы облыстық бюджеттен ТЭН-ін әзірлеуге 20,9 млн.теңге бөлінді. Нәтижесінде «ТЕКА-ПРОЕКТ» ЖШС жеңімпаз болып танылды. ТЭН әзірлеу мерзімі – 3 ай. ТЭН және ЖСҚ әзірленгеннен кейін көпір республикалық бюджеттен салынатын болады.

Сонымен қатар, 2018 жылы 8 тамызда облыстық бюджетті нақтылау барысында, «Көкарал бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасының ТЭН әзірлеуге және Қамыстыбас, Ақшатау көлдері жүйелеріндегі су нысандарын құжаттарындыруға қаржы бөлінді.

Осыған орай, САРАТС-2 жобасын іске асыру жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары суармалы жерлердің ирригациялық жағдайын жақсарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<