Саудагерлерге талап күшеймек

273

0

Фото: Қала әкімдігі

Сауда орындарын заманға сай жабдықтау, сәулеттік келбетін ретке келтіру мақсатында өткен жиында қала әкімі Серік Қожаниязов бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Осыған сәйкес, арнайы құрылған жұмысшы топ сауда орындарын аралап, базар айналасындағы тротуарларда бей-берекет сауда жүргізіп отырған сатушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.​

Аралау барысында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев кәсіп иелеріне белгіленбеген орындарда сауда жасауға жол берілмейтіндігін атап өтті.

Апта көлеміндегі түсіндірме-ескертпелерді ескермеген, талаптарды орындамаған сауда иелеріне әкімшілік шара көріліп, айыппұлдар салынады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<