«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан»

497

0

Жадыраған жаздың үш айы да аяқталуға жақын. Осы мамыражай маусымда барынша ойға алған жоспарларын орындап, жақсы дем алып, саяхаттаған балдырғандар үшін ендігі міндет жаңа оқу жылына, қырық қаруын сайлап дайындалу. Қырық қаруы дегенде сол қаламы мен қарындашы, кітаптары мен оқуға қажетті жабдықтары ғой. Бұл тізімге сәні мен салтанаты жарасқан ақ бантик пен мектеп формасын қосыңыз. Бұл оқушылардың тап бір мерекеге барардай дайындалып, ата-аналарымен бірге ұстаздарына бір құшақ гүл алып, ерекше сезімге бөленетін уақыты. Тіпті, біз үшін де сол бір балалықтың тәтті дәмі, ерекше естелікке толы жақсы күндерді сыйлайды.
Жаңа оқу жылы басталғанда оқушылар тек мектеп бағдарламасымен шектелмей, қосымша білім беру орталығынан да тәлім-тәрбие алып, жаңа қабілеттерін шыңдау үшін оқу ордасының табалдырығын аттайды. Тарыдай болып келген балапандарды таудай қылып шығаратын білім ұстаханасында балалар өздері қалаған үйірмесіне қатысып, өз қабілеттерін шыңдай алады.

«Қосымша білім беру орталығы» балалар үшін қандай мүмкіндіктер сыйлайды, деген сауал санада туындауы мүмкін.
Тарқата кететін болсақ: «Қосымша білім беру орталығында»  бала ең әуелі – қосымша білім алады, бойында жасырынып жатқан қабілеттерін ашады, жаңа орта, жақын достар табады; түрлі жобаларға қатысып, байқаулардың жеңімпаздары атанады. Бос уақыттарын тиімді пайдаланып, өздеріне қажетті «өнер» деп аталатын өмірлік мамандықты игеріп алады.
Тәжрибесі мен талғамы мықты педагогтерден жаңа заманға сай түрлі бағытты қамтитын біліктіліктерді бойына жинайды. Орталықтың негізгі ерекшелігі де сол оқушылар мұнда өзі қалаған үш бірдей үйірмесіне қатыса алады. Бұл бағыт жаңа заманның жас толқындары үшін таптырмас жүйе. Себебі, қазір көптеген балдырғандар бір нәрсеге тез қызығып, тез жалығ    Бүгінде ұялы телефонсыз жүрген бірде-бір жасты да, жасамысты да байқамайсыз. Неге, өйткені, «сымсыз» қалта телефоны тез хабар алмасудың, жедел ақпарат таратудың басты қолданысы.

Байқасаңыз, сол байланыс құралдарында жақынымен де, алысымен де хат алмасып отыратын жандар асығып не қысқартып жазу арқылы талай сөзді сөздік қорларынан алып тастап жатқандарын өздері де аңғармайды. Бұл баланың кеш сөйлеуі мен қате жазуына әкелетін үлкен бір кесел. Ал, жаңадан меңдеп келе жатқан кеселді уақытында жоймасаңыз, ертең үлкен дертке шалдықтыруы әбден мүмкін. Осы тұста қолға қалам ұстап, ақ парақ бетіне жазу, қиялыңа біткен ойды керемет теңеулер арқылы бейнелеу, ойды шашыратпай, керісінше жүйелі түрде беру де шағын өнер. Бұрынғының жазушы білімгерлері осы бір қауырсын қаламмен дос болғандығы да тегінен тегін емес…

Бұл туралы бекер айтып отырғаным жоқ. Орталықта баланың қиялымен ұштасып, ерекше сезімдерін сөзбен де суретпен де, әнмен де, бимен де жеткізетін үйірмелер қамтылған. Мәселен: «Жас тілші» үйірмесінде балаңыз қағаз бетіне қатесіз жазу жазып, өз ойын бүкпесіз жеткізіп, шебер сөйлеуге дағыдыланады. Сол секілді, сурет салу, ән, би, робототехника, қол өнер шеберлігі, күй тарту өнері, театр өнері, сахна мәдениеті, видеомобилогрофия т.б. сынды үйірмелеріне қатысып  жаңа қырларынан ашыла бастайды.

Әрбір ата-ана баласының болашағы үшін алаңдап, балалалары келешегі кемел, болашағы бүтін тұлға болуы үшін, жақсы жолға бағыттайтыны сөзсіз. Бірақ, кейде орындалмаған өзіндік бала армандарын балаларының болашығана теңестіріп, сол жолға бағыттап жататындығы қынжылтады.

Неге, себебі бала өзінің емес, ата-анасының қызығушылығымен өзі қаламаған дүниені үйренетін болса, бір күні жалығып, салдарынан өзі қаламаған істің маманы болады. Ұлы ақын,  Абай Құнанбайұлы: «сен де – бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» деген емес пе?!
Бұл даналықтың астарына үңілетін болсақ өмірге келген әрбір перзент өз жолын таңдауға құқылы. Тек сол жолда дұрыс бағыт-бағдар берсе жеткілікті.

Сондықтан ата-ана алдын-ала өз баласының неге қызығатынын, қандай істерге икемді екенін, не нәрсемен айналысқанда сүйіспеншілігі жоғары болатындығын біліп алған жөн. Саналы ұрпақ, кемел келешектің тұтқасы. Жақынданудың жағасына жармасқан жалынды жастар барда, еліміздің іргесі биік, босағасы берік болары анық. Ал, сол келешектің кемел ұрпақтарын даярлауда өзіндік қолтаңбасы бар «Қосымша білім беру» орталығының да алар орны ерек.

Гүлдана Асанжанова,

Қызылорда қаласы бойынша қосымша білім беру

оқу әдістемелік орталығы “Жас тілші” үйірмесінің жетекшісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<