Шағын бизнес жабылып жатқан өңірлер қандай?

912

0

«Шағын және орта бизнесті қолдау үшін дағдарысқа қарсы бірқатар теңдессіз шара қабылданды. Дегенмен, өңірлердің басым бөлігінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері санының қысқаруына жол берілген», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің дерегінше, мұндай олқылық 8 өңірде орын алған. Ал Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында ШОБ саны қатты қысқарып кеткен.

Айта кетейік, видеобайланыс арқылы өтіп жатқан жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді.

Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<