Шағын футбол турнирі

1045

0

Шиелі ауданында мекеме қызметкерлері арасында шағын футбол турнирінің ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Нұржан Ахатов сөз алып, барлық 14 ұжымға алғысын айтып, оның ішінде ардагерлерден құралған командаға ерекше ілтипат білдірді. Сондай-ақ, аудан әкімі ардагерлерден құралған командамен бірге алғашқы ойындардың біріне қатысып, керемет ойын өрнегін көрсеткен «Шиелі-ардагер» командасы қарсыласын 10-1 есебімен ойсырата жеңді.

Айта кетейік, бұқаралық спортты жандандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдар арасындағы өзара әріптестік байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған аяқ доп бәсекесіне мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина, білім беру, орман, су, өртке қарсы қызмет, теміржол сынды бірқатар мекеме өкілдері мен ардагерлерден жасақталған 14 бірдей команда қатысуда. Турнир әр аптаның жексенбі күндері ұйымдастырылып, бірнеше айға созылатын болады.

Шиелі ауданы

әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<