«Шын жүректен…»

2078

0

Алғыс айту күніне орай Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Шын жүректен мың алғыс!» атты мерекелік кеш  өтті.

Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасы, медицина саласы ардагерлер кеңесі, емдеу ұйымдарының бас дәрігерлері және колледждің белсенді студенттерінің ата-аналары қатысты.

Шараны  облыстық медицина саласы ардагерлері кеңесінің төрайымы Рая Көзденова ашып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының  бөлім басшысы Зәуреш Сарбаева, облыстық «Жастар денсаулығы» орталығының директоры Салтанат Тасмағанбетова сөз алып, жылы лебіздерін білдірді, ата-аналарға алғысын айтты. Белсенді, жақсы оқитын студенттердің ата-аналарына  колледж директоры Жанар Қалмакованың Алғыс хаты табысталды.

Өз кезегінде ата-аналар атынан Жадыра Бағдатқызы мерекеге арнап жазған арнау өлеңін оқып, ұйымдастырушы оқу орны ұжымына ризашылығын жеткізді. Сыр өңіріне белгілі әнші Үміт Медеуова ата-аналар атынан ән шашуын тарту етті.

Мерекелік кеште дәрігерлер қауымы атынан облыстық оңалту орталығының медбикесі Жазира Әлиханова, оқытушылар атынан колледждің химия пәнінің оқытушысы Салтанат Биболатова әсем ән жолдады.  Шара колледж өнерпаз жастарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Ұйымдастырушылар «Алғыс айту күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтілетін шара оқу орны мен ата-аналар, дәрігерлер арасындағы әріптестік, серіктестік байланыстың нығаюына өз үлесін қосуда» дейді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<