Әскери прокуратура заңға берік

498

0

 Әскери қызметшілердің тәртібі мен олардың құқық бұзушылық салдарын алдын-алу шараларын ұйымдастыру арқылы жіті бақылайтын құзырлы орган – әскери прокуратура болып табылады. 

 ҚР Бас әскери прокуратурасының нақты қойылған тапсырмаларын жүйелі орындау үшін Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы нәтижелі жұмыс атқаруға белсенді түрде  атсалысады.

Дәстүрлі жыл сайын ұйымдастырылатын «Құқықтық патруль», «Әскерде қылмысқа  жол жоқ!», «Ойынқұмарлыққа жол жоқ» атты акциялардың әскери қызметшілерге заң шеңберінде берері мол.

Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алдан-ала қылмысты болдырмауға профилактикалық тұрғыдан ұйымдастырылатын шаралардың  маңызы мен мақсатына тоқталып өтсек:

  1. Құқықтық патруль − әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік құқығын сақтау және қорғау болып табылады. ҚР Қарулы Күштерінің жанынан құрылған «Әйелдер кеңесінің» мүшелерімен бірлесіп, әскери шендегі кез-келген отбасы қадағаланып отырады. Жанұя мүшелерімен кездесу жұмыстарын ұйымдастырып, ай сайынғы еңбекақымен қамтылып отыруы, несие алу барысында жанұясына зардабын тигізбеуі, балаларының балабақшаға, мектепке орналасуы арнайы кесте арқылы тоқсан сайын бақыланады.

 2. Ойынқұмарлыққа жол жоқ  −  құқық бұзушылықтар мен суицид профилактикалық  сұрақтар  бойынша мәселелер қозғалады.

 Қазіргі таңда еліміздегі сүттей ұйып отырған берекелі  отбасыларының 30-40% букмекерлік кеңсенің кесірінен зардап шегуде. Жолдасы мол табысқа кенелемін деген ойы жүзеге аспай, отбасылық жанжал туындап, соңы  суицидке апаруы әбден мүмкін.   

 Әскери  қызметшілердің отбасында  мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін, арнайы  ҚР ҚК әскери полициясы, ҚР ҰҚК әскери полициясы,  ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан әскери полициясы, әскери прокуратура тарапының өкілімен бірлесіп, қаламызда орналасқан құмар ойын ошақтарына рейд жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі. Отанды қорғаушы азаматтарымыздың азартты ойынқұмарлықтың  арбауына түсуі, үлкен абыройсыздық, әлсіздік!

3. Әскерде қылмысқа  жол жоқ − қазіргі таңда қоғамның ауыр індетіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі бірінші орында. Қазақтың Бас ақыны А. Құнанбаев,«ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға» – деген өлең тармағы  арқылы кейінгі ұрпаққа рухани үлкен тәрбие қалдырған.  Әр әскери қызметші пара беру, пара алу қылмысына жол бермегені жөн. Келешек өзінің болашағына, өз қолымен балта шапқаны. Өскелең ұрпақтарының  өміріне үлкен моральдық-психологиялық қауіп саналады.

Егерде, өңіріміздің тұрғындарын әскери сала қызметкерлері  немесе басшылық жасайтын командирлер тарапынан әскери қызметшілерге заңға қайшы келетін олқылықты жағдайлар туындаған жағдайда, көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады. 8-7247-27-77-37 // 8-705-433-94-99 .

Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін қабылдануы үшін барлық әскери бөлімдерде әскери прокуратура атынан жеке пошта жәшік­тері мен сенім телефондары  орналастырылған.

Қосымша айта кететін жайт, әскери прокуратураға талап-арыз жолдаған  азаматтардың құжаттары толықтай заң жүзінде қарастырылып болған соң,  жауабын жеке өздерінің қабылдап алуына толық мүмкіндіктері бар.

 

                            Қызылорда гарнизоны әскери прокурорының ЛУА

                            әділет майоры  Р.Снопов

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<