Спорт жаңалықтары

2221

0

Вадим Федосеев – Әлем чемпионы

Қызылордалық  Вадим Федосеев Ресейде өткен қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионы атанды.

Вадим Федосеев Қызылорда қаласындағы Қажымұқан атындағы спорт клубында жаттығады. Қазірге дейін бірнеше халықаралық додада жеңіс тұғырынан көрініп, аймақ абыройын асқақтатты.

Ол 2018 жылы Әлем кубогының иегері болса, 2023 жылы Әлем чемпионатының күміс жүлдесін алды. Ал 2024 жылы Әлем чемпионатының абсолюттік жеңімпазы атанды.

Мөлдір Жаңбырбай қола алды

Жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай Франция астанасы Париж қаласында WKF каратэден Премьер-лига турнирінде қола алды.

Дүбірлі додаға әлемнің 70 елінен 382 спортшы келді. Аталған сайыста Мөлдір үздік үштіктен көрінді. Оны жарысқа Нұржан Ақпанбет дайындады.

Республикалық турнирден  тоғыз медаль

Қостанай облысы Лисаковск каласында дзюдодан Кемаль Усмановты еске алуға арналған 2005-2007 жылғы жасөспірім қыздар арасындағы республикалық турнир өтті.

Сыр елінің атынан барған жас өрендер жарыста үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Облыс құрамасынан Жұлдызай Бисен (57 келі), Зарина Мұрадасыл (63 келі), Нұрбибі Ұлықбекова (70 келі), Көркем Бақытбек (78 келіден жоғары) жеңіс тұғырынан көрінді. Ал Аяжан Абилмазин  (44 келі), Жанерке Ажмахан (52 келі), Жібек Жайсаңбай (70 келі) екінші орын алса, Гүлфариза Ілияс (57 келі) пен Талшын Қыдырбаева (78 келі) үздік үштікті түйіндеді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<