Пиротехника: сақтық шаралары басты назарда болуы керек

5

0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің нұсқауына сәйкес 2025 жылдың 5 желтоқсанынан 2026 жылдың 3 қаңтары аралығында республика көлемінде «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады.

Аталған іс-шара барысында облыс көлеміндегі базарлар мен ірі сауда орталықтарында Қызылорда облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар атқарылуда.

Сонымен қатар полиция департаментімен іс шараны кеңінен насихаттау мақсатында, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы кәмелетке толмағандар арасында жарақат алуды болдырмау, алдын алу мақсатында, облыс көлемінде барлық білім беру мекемелерінде мектеп инспекторларымен кәмелетке толмағандармен қауіпсіздік шаралары туралы дәрістер оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шара барысында барлығы 20 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 128 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Кодекстің 196-бабымен барлығы 15дерегі(тауарлар немесе өзге де заттарды заңсыз саудалау) Қызылорда ҚПБ-11, Арал-2, Жалағаш-1, Сырдария-1, Шиелі-1 және Жаңақорған АПб 1 құқықбұзушылықты анықтап, 128 дана пиротехниқалық бұйымды тәркілеген).

436-бабымен (елдi мекендерде пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды ұшыру) Арал ауданында 3 құқық бұзушылық анықталған.)

ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігімен(Елді мекендерде пиротехниқалық бұйымдарды қолдану) сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш (78640 теңге) көлеміндеайыппұл салуға әкеп соғады.

Кодекстің 483-бабы 1-бөлігімен (пиротехникалық заттарды сатуға лицензиясы бар жеке тұлға, оларды сақтау сату тәртібін бұзған жағдай)

жеке тұлғаларға –5 АЕК (19660 тенге) 

шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес  ұйымдарға – 10 АЕК (39320 тенге)

орта кәсіпкерлік субьектілеріне – 15 АЕК (58980 тенге),

ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – 45 АЕК (176940 тенге) көлемінде айыппұл салынады.  

Кодексінің 196-бабына сәйкес (Зансыз сауда жасау) 25АЕК (98300 тенге)

Ескертпе: кәмелет жасқа толмағандар арасында сақтық

шараларын қолдану бағытында

Күмәнді сатушылардан пиротехниканы сатып алмаңыз, балаларға пиротехниканы өз бетінше іске қосуға рұқсат етпеңіз, қаптамадағы нұсқамаларды мұқият оқып шығыңыз, пиротехниканы жарылуы кезінде қашықтықты сақтаңыз, жабық үй жайда  пиротехниканы мүлдем пайдалануға болмайды. Өнімдегі нұсқаулықты мұқият оқып шығуға жалықпаңыз, таныс және қарапайым пиротехникалық өнімнің өзіңдік ерекшеліктері болуы мүмкін, көруге келген көрермендер пиротехникалық бұйымды қолдану барысында көрсетілген қауыпты аймақтан тыс кемінде 20 метр қашықтықта болуы тиіс, жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға қатаң тиым салынады, жаңа жылдық мерекеде жыл сайын балалардың көпшілігі  пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау салдарынан жарақат алады.

Осыған орай облыс тұрғындарын мереке күндері балаларының денсаулығын сақтауға шақырамыз.

Сәбит САТҚАНБАЙ,

Қызылорда облыстық полиция департаменті

қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары