Шымкентте биылғы алғашқы үшем дүниеге келді

265

0

Фото: Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы

Шымкент қалалық №2 ауруханаға қарасты перзентханада үшем дүниеге келді деп хабарлайды Syrboyi.kz Қазақпарат ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкенттің 22 жастағы тұрғыны Жамиля 2 ұл, 1 қызды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2 770, 2 410 және 2 095 грамм болды. Бұл – отбасындағы тұңғыш сәбилер. 

Дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған.

Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалды. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты. 

Биылғы алғашқы үшем мен анасын дәрігерлер бүгін перзентханадан салтанатты түрде шығарып салды. 

<strong>Шымкентте биылғы алғашқы үшем дүниеге келді</strong>
Фото: Шымкент денсаулық сақтау басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<