«Студенттік емхана» жобасы

587

0

 «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы білім және денсаулық сақтау мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің биылғы  алғашқы отырысы өтті.  «Облыстық бірыңғай студенттік емхана» бірлескен жобасын іске асыру тетіктері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы қаралып, пысықталды.

Аманкелді ауылындағы кездесу

Кәсіп ашқысы келетін ауыл тұрғындарына «AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп, «Ауыл аманаты» атты жобаны іске қосқан болатын.

Мақсаты – ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды ұлғайту және еңбек табысын арттыру. «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы» РҚБ облыстық филиалының төрайымы Жанна Маханова Сырдария ауданындағы Аманкелді ауылының тұрғындарымен кездесіп, жобаны түсіндірді.

Экология мәселесі қаралды

Партиялық бақылау комитетінің отырысы өтіп, онда орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының экология саласындағы жобаларды (полигондар, қалдықтарды өңдеу зауыттары, жылу-электр станцияларын газға көшіру және т.б.) іске асырудағы қызметі туралы мәселе қаралып, талқыланды.

Аталған отырысқа ZOOM бағдарламасы арқылы аймақтық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы және тиісті сала басшылары қатысты.

Жол картасының орындалуы талқыланды

Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыс бойынша Жол картасының 2022 жылға орындалу қорытындысы «AMANAT» партиясы жанындағы өңірлік даму жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысында қаралды. Былтыр Жол картасы аясында өңірде орындалған іс-шаралар талқыланып, кеңестің алдағы жұмыстары пысықталды.

Фракция мүшелерінің есебі

VII шақырылған облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері бастауыш партия ұйымдарында және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде сайлаушылармен кездесті. 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстары жайын баяндап, партияның сайлауалды бағдарламасын орындау аясында жүргізілген іс-шаралар жөнінде есептерін ұсынды.

Диалог алаңындағы жүздесу

«Рухтастар Cases» диалог алаңында Желтоқсан оқиғасының куәгері, «Теміржол» филиалының атқарушы хатшысы Б.Танбаева, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері М.Дауылбай және жас ақын Ж.Бақытәлі жастармен кездесті. Олар Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендету жолында жұмыс жасайтын білімді ұрпақ болуға шақырды.

***

Жалпы апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарында іс-шаралар, партиялық жобалар мен қоғамдық кеңестер, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы  қоғамдық-саяси 78 іс-шара ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<