Субұрқақ коронавирустың таралу қаупін тудырды

363

0

Алматының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында субұрқақтарда адам көп жиналғандықтан, коронавирус инфекциясын жұқтыру ықтималдығы жоғары екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, субұрқақтар арқылы тек коронавирусты ғана емес, басқа да ауруларды жұқтыруға болады. Субұрқақтарда шомылу салдарынан қалада паразиттік аурулардың өршуі тіркелген.

«Субұрқақтарда шомылу адамдардың денсаулығына зиян. Тұман тәрізді әсері бар субұрқақтар ерекше қауіп төндіреді. Пандемия кезінде олардың жұмысы тоқтатылады», – деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол қаладағы субұрқақтар жанына шомылуға тыйым салатын белгілер орнатылатынын тілге тиек етті.

Санитар дәрігерлер де, жергілікті атқарушы органдар да субұрқақтарды бақылауға алмақ.

Мәселен, Алматыдағы Достық пен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы жеке тұман тәрізді фонтан адамдардың көп жиналуына байланысты жабылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<