Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

691

0

Биыл Қазақстан халқы еркіндік алып, өз тәуелсіздігін жариялағанына отыз жыл, яғни Тәуелсіздік күнін 30-шы рет қарсы алғалы отыр.

Әрине, тарих үшін бұл тым қысқа уақыт десекте болады. Алайда, осы жылдар ішінде тәуелсіз мемлекет ретінде атқарылған істер де аз емес. Әлемге танылдық. Дүниедегі күллі елдермен байланыс орнатып, тереземіз барша мемлекетпен теңесті. Бұл да сол Тәуелсіздіктің жемісі.

Тəуелсіздігіміздің əрбір атқан таңын қуанышпен қарсы алып, əрбір күнін қажырлы еңбекпен, еңселі ерлікпен өрнектеген Қазақстан жаһан жұртшылығына алуан ұлысты бір шаңырақта ұйытқан жерұйық мекен ретінде танылды. Бірлігін берік ұстаған Қазақ елі биліктің бейбіт ауысуының да ерек үлгісін көрсетті. Елдіктің еңсесін тіктеген Елбасы жүзеге асырған сарабдал саясаттың сабақтастығын халық сайлаған Президент Қ.Тоқаевтың серпінмен жалғастырып, соңғы жылдардың үлесіне тиген сынақтарды да абыроймен еңсере білдік. Мемлекет басшысы жаһандық жаңа ахуал жағдайындағы жүрер жолымызды, барар бағдарымызды белгіледі.

Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген ең үлкен үлкен сыйы, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Біздің басты байлығымыз –бірлігі жарасқан, Алатаудай алып халқымыз! Тамыры терең, қазығы берік осындай елі бар мемлекеттің Тəуелсіздігі де баянды болады. Мемлекетіміз мəңгілік жасай берсін!

Тəуелсіздіктің 30 жылдығында алар асуларымыз көп болғай! Отанымыздың дамуы мен жасампаздық жолындағы мерейлі мерекеміз – Тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!

Гүлмира Жорабекова,

облыстық әділет департаментінің бас маманы,


Қазақстан Заңгерлер Одағының
мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<