«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап»

2480

0

Облыс орталығындағы қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жүйесінде сабақтан тыс уақытта жұмыстардың мол тәжірибесі жинақталған. Бұған «Өлкетану» тұрғысындағы жұмыстар дәлел.

Онда балалар мен ересектердің қарым қатынасы барысында баланың тұлғасы, оның адамгершілігі үлкен маңызға ие болады. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер өзін үздіксіз жетілдіруге, қосымша білім алуға, кәсіптік бағдарын айқындауға және шығармашылық қабілеттерін танып білуге талпынады. Соңғы кезде оқушылар арасында «Өлкетану» үйірмесіне деген қызығушылық артып келеді.

Бүгінде елімізде болып жатқан ахуалға байланысты оқушыларды саяхат сабақтардың, экскурсиялардан оқшауладық. Оның орнына оқушылардың ой өрістерін кеңейтіп қана қоймай, білуге деген құштарлығын, белсенділігін, төзімділігін, нығайтады деген оймен «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани- мәдени акциясы ұйымдастырылды.

Акция барысында «Өлкетану», «Тарих», «1st Akparat» үйірмелерінің оқушылары, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында көптеген көркем шығармаларды оқуға шақырдық.

Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным», Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек», Марат Қабанбаевтың «Жиһангез Титти» атты кітаптарын ұсынып, оны 218 оқушы оқып шықты. «Менің Қазақстаным» үш томдық шығармалар жинағы,бірінші томы, өлеңдер мен поэмалар жинағынан оқушылар Берікқызы Жансая,Алтынбек Назерке «Ана», «Әке», «Сыбызғы сыры», тағы басқа өлең шумақтарын оқып өз ойларын айтты.

Үйірме оқушылары сабақтан бос уақыттарын тиімді пайдаланып, білім көкжиегін ашуға үнемі белсенділік танытып,тәрбиелік шараларға көптеп қатысуда.

Садықова Айгүл

Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының

«Тарих-Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<