Тағы 24 автобус

571

0

Фото: ашық дереккөз

Өткен жылы  «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы жаңадан лизингке 150 автобус алуға тиісті қаражат бөлінген болатын. Соның аясында алғашқы 100 автобус бағыттарға қосылды. Ал қалған 50 автобустың 24-і қалаға жеткізілді. Кешеден бастап №12, №15 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетілуде.

Әр бағытта 12 автобус жүреді. Олардың жолсызбасына өзгерістер енгізілмейді. Сонымен бірге осы айдың аяғында қалған 26 автобус келеді деп жоспарлануда. Олар №16, №31 бағыттарға берілмекші.

Бүгінде «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС қызметкерлері қоғамдық көлікте рейдтер жүргізуде. Әр тексеруші жолаушылардың билеті жайлы ақпарат алуға мүмкіндік беретін арнайы терминалмен жабдықталған. Мекеме қызметкерлері жолаушылардан автобусқа алдыңғы есіктен кіріп, электронды тәсілмен төлем жасауын сұрайды. Қолма-қол төлем жасаған жағдайда бір жолғы билетті талап етуіңіз керек. Егер олай жасамасаңыз,  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің «Қалалық, қала маңындағы қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзу» 622-бабының 2-тармағы қоғамдық көлікте жолақысын төлеуден жалтару құқық бұзушылығы үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 6900 теңге айыппұл төлеуіңізге тура келеді.

Мекеме қызметкерлері автобус салондарында бейнежазба жүргізілетіндіктен, жауапқа тартылмас үшін жолаушыларға тасымалдау ережелерін ұстануды еске салады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<