Тамызда Қазақстанның үш облысында қатты қуаңшылық болады

319

0

Фото: pixabay.com

Тамызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ылғал нормаға жақын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Қызылорда облысының Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласында, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Жамбыл облысының Қордай, Жуалы ауданында, Тараз қаласының маңында, Түркістан облысының Жетісай, Қазығұрт, Арыс, Отырар, Созақ және Сарыағаш аудандарында және Түркістан қаласында, Қостанай облысының Арқалық қаласында және Қарағанды қаласының маңында орташа құрғақшылық болады.

Қатты құрғақшылық: Қостанай облысының Амангелді және Жангелді ауданында; Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында; Қызылорда облысының Қармақшы ауданында болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының Қазталов және Тасқала аудандарында сәл ғана ылғал болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<