Тексеру жұмыстары жүргізілді

442

0

Қызылордалық полицейлер облыс орталығына қарасты саяжайларда және Жаңақорған ауданындағы Шалқия кентінде бірқатар профилактикалық шаралар ұйымдастырды. Тыныштық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген шара барысында ішкі істер органдарында есепте тұратындарды тексеру жұмысы да жүргізілген.

Саяжайларға жасалған рейдтік тексеруде, полиция қызметкерлері 149 үйді аралап, тұрғындармен кездесті. Авто­патрульдер іс-шара ке­зінде 6 әкімшілік құқық бұзу­­шылықты анықтаған. Сон­дай-ақ, аңшы мылтығы бар қару иелері мен ІІО-да есепте тұратын азаматтар тексеріліп, жеке кездесулер өткізілді.

Бұл жұмыстар Талсуат саяжайында жалғасты. Жауапты мамандар 290 үйді аралап, тұрғындармен кездесті. Тексеру кезінде 24 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, айыптылар жауапқа тартылса, қаруды сақтау ережесін бұзғандарға әкімшілік айып­пұл салынды. Сондай-ақ, ауыл­дық округте тиісті құжатсыз құрылыс жұмысын жасап жүрген шетел азаматтары анықталып, олардың жеке басын анықтау мақсатында ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына тапсырылды.

Шалқия кентінде ұйымдас­тырылған рейд кезінде 707 пәтер мен 689 үй тексеріліп, тұрғындар тізімі алынды. Жеке аңшы қаруы бар азаматтар тексеріліп, әртүрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 26 адамға қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді.

Кент орталығында орна­ласқан мекемелер мен жеке тұлғаларда келісім-шарт бойынша жұмыс істеп жүрген азаматтардың елімізде болуы заң бойынша тексерілді. Нәтижесінде Қазақстан Рес­публикасында тұру ережесін бұзған 4 азамат анықталып, Жаңақорған АІІБ-не жеткізілді.

Аталған аумақтарда тек­серіл­меген нысандар бар, сондықтан, кешенді профи­лактикалық шаралар әлі де жалғасатын болады.

Айдана ЖҰМАДИНОВА,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<