Террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларына айыппұл салынды

544

0

Қызылорда облысының полиция департаменті террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын бақылауды ұйымдастыру бойынша ұдайы жұмыс жүргізіп, олардың басшылары мен меншік иелеріне түсіндіру шараларын да тұрақты негізде жүзеге асыруда.

Қызылорда облысында 2020 жылы террористік тұрғыдан осал 9 объектінің жарақталуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы №191 қаулысының және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес келмегені үшін басшыларына жалпы сомасы 2 млн. 611 мың 320 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

 «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығының негізінде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын және микрокәсіпкерлік субектілеріне тексеру тоқтатылды.

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының бұзылуына жол бермеу мақсатында күзет ұйымдарының басшылары, меншік иелері және өкілдері мынадай құжаттарды зерделеу бойынша персоналмен сабақтар өткізуді қамтамасыз ету қажет:

1. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2. «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 191 Қаулысы.

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы №325-VI Заңы;

4. «Террористік актісі туындаған кезде террористік тұрғыдан осал объектілерінің басшылары мен персоналдарының іс әрекеті бойынша» жаднама.  

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<