Тілсіз жаудың салдары

306

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысы бойынша 2023 жылы өрт қауіпі бар маусымында облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы көлемі 105,69 га құрайтын 24 орман өрті тіркелген. Оның 26,29 га орманды жерлер (орман көмкерген-25,86 га), 79,4 га ормансыз алқаптар. Өрт салдарынан орман қорына 985,2 мың теңге залал келген. Оның 22,2 мың теңгесі өндірілген.

Анықталған орман өрттерідің 3 жағдайында жергілікті тұрғындар кінәсінен, 6 жағдайында ауыл шаруашылығы жерлерінен басталғаны және 15 жағдайында белгісіз себептерден орын алғандығы анықталған.

Жергілікті тұрғындар кінәсінен орын алған өрттердің 2 жағдайында 2 азаматқа 86,2 мың теңге айыппұл салынып, толық өндірілген. 1 жағдайында кінәлі тұлғаның психодиспанцерде есепке тұруына байланысты іс қысқартылған.

Қалған 21 өрт оқиғасы бойынша кінәлі тұлғаларды анықтау мақсатында құқық қорғау органдарына жолданған. Дегенмен кінәлі тұлғалардың анықталмауына байланысты іс құжаттары тоқтамға алынған.

Өрт оқиғалары Жалағаш орман мекемесінде 7 жағдай (9,98 га – 43,40 мың теңге), Қызылорда орман мекемесінде – 5 жағдай (5,95 га – 126,6 мың теңге), Шиелі орман мекемесінде 3 жағдай (14,36 га – 640,2 мың теңге), Сырдария орман мекемесінде 3 жағдай (3,80 ), Қазалы орман мекемесінде 5 жағдай (57,6 га – 62,4 мың теңге) және Арал орман мекемесінде 1 жағдай (14 га – 0,7 мың теңге) орын алған.

Өрт маусымы басталғалы анықталған 24 өрт оқиғасының, 2 жағдайында  кінәлі тұлғалар анықталып, келтірілген 130761 теңге шығындар өндірілген, қалған 14 жағдай бойынша жинақталған құжаттар ішкі істер органдарына жолданған.

Орын алған 23 өрт оқиғасының 4 жағдайында өрт зардаптары тіркелмей, жасырылғаны, атап айтқанда, «Қазақстан Ғарыш сапарыҰК» АҚ геопорталының мәліметі бойынша Инспекция қызметкерлерімен 4 өрт оқиғасы анықталды.

Осы аталған өрт оқиғалары бойынша осы аумақтарға бекітілген орманшы-инспекторлар орын алған өрттерді дер кезінде хабарламаған, өрттерді жою бойынша шаралар қабылдамаған.

Осыған байланысты ормандарда өрт қауіпсіздігі қағидалары талаптарын бұзғаны үшін, орман мекемелерінің 8 лауазымды тұлғасына ҚР ӘҚБтК-інің 367-бабы 1-бөлігімен әкімшілік айыппұлдар салынды.

Орын алған өрттердің 6 жағдайында мемлекеттік орман қорына іргелес аумақтардан таралған өрттер әсерінен орын алған.

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және

жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<