Қазіргі танда қарастырылып отырған мәселелердің бірі «Мемлекеттік тіл- Ұлт болашағы». Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деп көрсетілген. Республика көлемінде қызу талқыланып жатқан тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы – осының кепілі.
Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл. Тіл-халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі-ұлттың мәселесі.
Тілді өркендету баршаның ісі. Тіл тек қарым қатынас құралы емес, ойлаудың дүниетанымның,рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың құралы жәнеұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында да басым бағыттарының бірі- мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назарда ұстап келеді. Елбасымыздың бастамасымен мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылған. 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған мемлекеттік бағдарлама жасау – елбасымыздың үкіметке берген тікелей тапсырмасы. Бұл тапсырманы орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша Қазақстандықтардың да міндеті. Осы бағдарламаны іске асырудың он жылдық кезеңі алдымызға жаңа міндеттер жүктейді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тілі мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деген болатын.Шын мәнінде барлығын рет ретімен жүзеге асыруға қазіргі кезеңде толық мүмкіндік бар. Қазіргі таңда мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамытуға байланысты бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толықнегіз бар.Қазіргі қоғамымыздың жастарының белсендігі жоғары.Еліміз тәуелсіздің алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді.Қазіргі таңда өнер, әдебиет, мәденеиет баспасөз, радио, теледидарымыз бұрынғы жылдарға қарағанда әлдеқайда қазақша сайрап тұр десек болады.Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебеміздің асқақтағаны.Бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды-солды жағдайды жете бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі.
Мысалы, сотсаласындағы мемлекеттік қызметкерлер арасында жыл сайын тілге байланысты түрлі сайыстар, семинар сабақтары ұйымдастырылыпөтуде, сот қызметкерлерінің тіл мәселесін көтеруге байланысты мақалалары газет басылымдарына жариялануда. Қазіргі таңда сот саласында барлық құжаттар, іс қағаздары жүз пайызға мемлекеттік тілде орындалады.
Б.Абдуали
Қызылорда қаласының №2 сотының
Бас маман – сот отырысының хатшысы
Қызылорда қаласының №2 сотының
Бас маман – сот отырысының хатшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<