Төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

698

0

 «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 3 мамыр күнгі ауа сапасына болжамын жариялады.

Кәсіпорынның мәліметіне сенсек, қолайсыз метеорологиялық жағдай Атырау, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Қызылорда қалаларында болады.

Өзге шаһарларда метеоахуал бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<