Карантиндік режим қайтадан күшейтіле ме?

1281

0

«25 мамырдан бастап қайтадан төтенше жағдай режимі енгізіледі». Әлеуметтік желі арқылы тараған осындай сарындағы хабарламаға байланысты Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеме жасады.

Иә, облыста коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Ауру жұқтыру жағдайлары әлі де тіркелуде. Халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мақсатында экономиканың жекелеген салалары мен нысандарының жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен кезең-кезеңмен рұқсат берілуде.

Алайда мобильді топтар бірқатар нысанда санитарлық-дезинфекциялық талаптар сақталмайтынын, тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларына бей-жай қарайтындар бар екенін анықтады.

«Сақтық шараларына салғырттық таныту ауру өсімінің өршуіне алып келеді. Бұл өз кезегінде карантиндік режимді күшейтуге,тіпті жекелеген нысандарды қайта карантинге жабуға себеп болуы әбден мүмкін.

Карантиндік режим қайтадан күшейтіледі деп нақты айту қиын. Барлығы эпидемиологиялық ахуал динамикасына байланысты.

Ал эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және адамдардың тыныс-тіршілігіне қажетті нысандардың тұрақты жұмыс жасауына бірден-бір үлес қосатын әрбір тұрғынның өзі, яғни қойылған санитариялық ережелер қатаң сақталған жағдайда ауруды өршітуге жол берілмейді. Сондықтан тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-дезинфекциялық талаптарды орындауға шақырамыз,» – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Сб-ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз